Жыныс мүшесінің зақымданулары
Жыныс мүшесінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері себепті жарақаттаушы агент үшін бұл органға жету біршама қиын болады. Жыныс мүшесінің зақымдалулары әдетте ол эрекцияланған күйде болған кезде кездеседі. Жыныс мүшесі зақымдануын қадағалаулардың көпшілігі оның ашық жарақаттануларына қатысты. Жыныс мүшесінің зақымданулары жарақаттың типі мен сипаты жөнінен және бұл органда болатын анатомиялық өзгерістердің түрлері жөнінен барынша әр алуан сипатта болады. Жыныс мүшесі зақымдануларының сан қилы түрлерін анықтау және жүйелеу үшін әр түрлі классификациялар ұсынылған. Мына классификация пайдаланылады. Зақымданудың шоғырлануы бойынша: күпек; жыныс мүшесініңбасы; жыныс мүшесінің денесі, жыныс мүшесінің негізі (діңі). Зақымданудың түрі бойынша: а) жабық зақымданулар: соғылу; сыну; шығып кету; жыныс мүшесін жаттекті денелердің сығуы; ә) ашық зақымданулар: күпек жүгеншесінің үзілуі; жыныс мүшесі терісінің жанама (скальптелген) жаралануы; белоктық қабық зақымдалған жанама ж